Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Жасөспірімдердің интернетке бағыныштылығы.

Дамыта Жаңа ақпараттық технологиялар заманында ақпараттандырудың бала тәрбиесіндегі алатын орны немесе жасөспірімдердің интернетке бағыныштылығы.

Серікова Назерке Рымбекқызы(Семей қаласы КМҚК «құрылыс колледжі» ШҚО ББ)

Қазақстан Республикасы ғылыми — техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл білім беру ордаларына жүктеледі.
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық — коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы мақсатта негiзгi құрал компьютeр болып табылады. Біраз уақыт бұрын тек байланыс көзі болған бұл ұялы телефондар да қазіргі уақытта құрылысы, құрылымы жағынан да кез келген компьютерді басып озбаса кем соқпайды.

Қазірде ұялы телефон (смартфон, коммуникатор), компьютер (ноутбук, нетбук, планшеттер) т.б. ақпараттық-коммуникациялық технологияны жүзеге асырушы құралдарды қолданбайтын адам, әсіресе жастар, жасөспірімдер кемде-кем, адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады. Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата-аналар тәулік бойы балаларының тыныс-тіршілігіне бақылау жасай алмай, олар шектен тыс бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор зиянды әсер алады. Ақпараттық тасымалдағыштардың қол жетімділігі аясында жасалған зерттеулер қорытындылары бойынша, сұрау алған балалардың жартысынан астамында (59.2%) Қазақстанның 16 өңірінде дербес компьютерлер бар (қалада – 68%, ауылда – 42%), балалардың 73% ұялы телефондар (қалада – 82%, ауылда – 56%), DVD плеерлер балалардың 55%-ында (қала – 59%, ауыл – 46%), сандық аудио тасымалдағыштар – 25% (қала – 32%, ауыл – 12%). Сонымен қатар, ойын құрамдары сұрау алған балалардың 17%-ында (қала – 20%, ауыл – 11%), бейнемагнитофон/плеер – 34%-ында (37% қалада, 30% ауылда), кассеталы магнитофон, диктофон – 22% (қалада да, ауылда да үлесі бірдей), жеке теледидарлар – 28% (27% қалада жəне 29% ауылда). Осылайша қазіргі кезде сұрау алған балалардың жартысынан астамы ие болатын, ақпараттық тасымалдағыштардың анағұрлым кең таралған түрлері ұялы телефондар, компьютерлер жəне DVD плеерлер болып есептеледі. Осы техника арқылы олар баланың дамуына теріс ықпалын тигізуі мүмкін интернет жəне əр түрлі бейнеақпарат көзіне қол жеткізе алады.