Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Жалпылама техникалық пәндерді оқытуда жаңа педагогикалық технологияны меңгеру

Қонақбаева Гулия Кәрімжанқызы-жалпы техникалық пәндер оқытушысы
(Семей қаласы, «Радиотехника және байланыс колледжінде» КМҚК)

Қазіргі кезеңде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы озгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Оқытушының алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдердің үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Бұл жонінде Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңының 8-бабында “Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу” деп атап корсетілген.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушының инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Ойткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау-оралды кәсіби білімін котеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтің жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.

Педагогикалық технология-оқытушының кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіншілік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – студенттің оқу-танындық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.

Оқыту үрдісін жандандыру студенттердің оқу материалының теориялық мазмунын игеру жоніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың тәжірибелік іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасы оқытушының әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу, тәсілдері мен әдістеріне, жаңа педагогикалық технологияларды игерулеріне тікелей байланысты болады.

Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармасылыққа көзделген ізде-ністерді қажет етеді. Осындай мақсат коздеген жүйелі ізденістер оқытушының жаңа технологияны меңгеріп, инновациялық жетілуіне әкеледі.

Жаңа педагогикалық технологияны меңгеру барысында оқыту міндеттері жаңаша сипат алады. Олар мына томендегідей:

• педагогикалық қызметтің озекті мәселелерін білу
• оқу бағдарламасының түрлендірген нұсқаларын құрастыру
• оқу модулін құрастыру
• оқу жобаларының мазмұнын анықтау, әр студентке арналған тапсырмалар құрастыру

Пожалуйста, зарегистрируйтесь для комментирования.