Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Жаңа Әлем – жаңа технологиялар жетістігі

Баяндамашы: Садыкова Айсұлу – КМҚК «Бизнес-колледжі», 21 марк тобының оқушысы, Ғылыми жетекшісі: Жампеисова К.М.

Қазіргі таңда бүкіл әлемде болып жатқан кең ауқымды қайта құрулар ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі — АКТ) қарқынды дамуына байланысты. Ғаламдық ақпарат қоғамның Хартиясында (Окинава) атап көрсетілгендей, «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жиырма бірінші ғасыр қоғамының қалыптасуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі болып табылады. Олардың революциялық әсері адамдардың жүріс-тұрысына, олардың біліміне және жұмысына, сондай-ақ үкімет пен азаматтық қоғамның өзара қарым-қатынасына қатысты болып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар әлемдік экономиканың қарқынды түрде дамуына маңызды стимул болып отыр».

Қазақстан өз егемендігін алған сәтінен бастап, әлемдік қауымдастыққа ықпалдасу позициясынан нақты орын алды, өзін өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін тең деңгейдегі халықаралық кооперацияның мүшесі ретінде ғана емес, сонымен қатар ақпараттық қоғамды құрудың белсенді қатысушы екенін көрсетті. Республикада жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ғаламдық желідегі Интернеттің ақпараттық сегментін, оның рөлін және қазақстандық қоғамда алатын орны туралы түсінікті қайта қарауды талап етеді. Бұған елді тұрақты компьютерлендіруден ақпараттандыруға және Интернеттің ғаламдық желісінде Интернет — Қазнеттің (бұдан әрі — Қазнет) қазақстандық сегментінің бірыңғай дамыған ақпараттық кеңістігін құруға өту әрекеті негіз болып отыр.

Қазнеттің бірыңғай ақпараттық кеңістігін дамыту осы үдеріске көптеген қатысушылардың қызметін үйлестіруді талап ететін салааралық, ведомоствоаралық және мемлекеттік міндеттер болып табылады. Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңістікке орнықты, жоспарлы, қауіпсіз және тиімді қозғалысын қамтамасыз етуге арналған шаралар кешенін әзірлеуге, Қазнетті дамыту үшін негізгі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және техникалық-технологиялық алғы Шарттары мен жағдайын, оның динамизмі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясаттың ережелері мен басымдығын айқындауға бағытталған.

Қазіргі уақытта Интернеттің ақпараттық кеңестігінің жұмыс істеуіне сай келетін халықаралық ұйымдарға мыналар жатады:

1) The Internet Corporation for Assigned Names and Numbers (бұдан әрі — ICANN) — IP-адрестерін, протоколдардың параметрлерін бөлу, домендік атаулардың жүйесін әкімшілеу (Domain Name System, DNS), түбірлік серверлер (Root Server System) деп аталатын жүйенің жұмыс істеуін әкімшілеу және қолдау үшін құрылған коммерциялық емес ұйым;

2) Интернет желісінде нөмірлеуді бөлу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі — IANA, The Internet Assigned Numbers Authority);