Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Turbo Pascal бағдарламалау тілінің графикалық мүмкіндіктері

33ОП тобының студенті Елдар Жеңісов, Жетекшісі Г.К. Бласпаева, Семей политехникалық колледжі

Негізгі мақсатым: Turbo Pascal программалау тілі ортасында мәзір құрастыру. Яғни жұмыстың басты мақсаты Turbo Pascal программалау тілінің мүмкіншіліктерімен кеңінен танысу және де осы пәнге деген қызығушылықты арттыру , ізденушінің интеллектуалдық ой қабылетін жетілдіру. Мәзірдің әрбір бөлімдері арқылы графикалық мүмкіндіктерді көрсету. Мысалы, «есептер» бөлімінде қайталану операторлары арқылы геометриялық фигураларды салу процедуралары мен функциялары, сондай-ақ дербес компьютердің жүйелік сағатымен бірдей жүріп отыратын сағат бағдарламасы көрсетілген. Ал «теория» бөлімінде Turbo Pascal-дың графикалық ортасында мәтінді еңгізу, түсін беру, шрифтің өлшемін, стилін өзегрту және тағы басқа операторлары қарастырылған. Бағдарлама код терезесіне өту үшін мәзірден «шығу» бөліміне барып, ENTER-ды басу жеткілікті.

Жұмысты бастамас бұрын Pascal-дың графикалық режимде жұмыс істейтін ортасын жүктейміз.

Керекті нұсқауларды орындағаннан соң Pascal-да мәзір құруға кірісеміз. Program қызметші сөзінен кейін бағдарлама атын береміз.Uses бөлімінен кейінгі жазылған идентификаторлар (crt,graph) бағдарламада қолданылатын модуль аттары. Компилятор бұл қажетті модульдерді резидентті модульдер қатарынан іздейді.Таппаған жағдайда дискіден іздейді. Crt модулі сіздің ДК-іңіздің барлық мүмкіндіктерін басқара алатын өте қуатты модуль. Оның қызметі экранның текстік режимін басқару, түс, дыбыс, пернетақта кодтарын оқу қызметтері жатады. Ал Graph модулін пайдаланатын программаны компилятордан өткізу үшін оның адресін көрсету керек және ол TP-дың графикалык қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.

Var сипаттау бөлімінде өзіміздің құрып жатқан бағдарламамызға керекті тұрақты, айнымалы, жолдық, символдық типтерді сипаттаймыз. Сипаттау бөлімінен кейін бағдарламаның денесін, яғни мәзір құрастыруға кірісеміз.

Негізгі бағдарламаға кіріспес бұрын процедуралар мен функциялар қызметін толық меңгеруі керек. Себебі мәзір құру барысында ішкі бағдарламалардың қыметін тікелей пайдаланамыз. Бағдарламалау барысында жиі кездесетін жағдайлардың бірі, бағдарламаның орындалуы барысында бір ғана есептеу жұмысын әр түрлі мәндер үшін бірнеше рет есептеуге тура келеді. Мысалы біздің жағдайда таңдау операторын және пернетақта кодтарын жиі пайдаланамыз.Осы бір есептеу жұмысын программада бірнеше рет жаза бермей қажетті кезінде қолдану үшін бағдарламаның жеке бөлігіне жазып қоямыз. Ішкі бағдарламалар негізгі бағдарламаның ішіндегі кіретін және шығатын орындары бар тұйықталған бөлігі болып табылады. Негізгі программа мен ішкі бағдарламадағы айнымалылар бір-біріне бағынышты емес.