Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

«Технология» мамандығы сабақтарында ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану.

Асқар Айгүл Асқарқызы, информатика пәні мұғалімі (Семей қаласы, «Сервис колледжі» КМҚК)

Информатика – ЭЕМ арқылы ақпараттарды жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Оның рөлі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру үшін болашақ мамандарды қолда бар жаңа ақпараттық технологиялармен жұмыс жасап, оларды өз сабақтарында тиімді пайдалана білуге үйрету қажет. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі — мұғалім. Қазіргі кезде мектептерде шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог-психолог және оқу процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Информатиканың қазіргі қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі заманғы оқыту интеллектуалдық ерекшеліктеріне сүйене отырып білім беруді қажет етеді. Осыған орай біздің колледжде еңбек және сызу пәні мұғалімі, «Технология» мамандығы бойынша мұғалімдер дайындалуда. Аталған мамандықта оқитын студенттерге біз жай ғана информатика пәнін емес, информатиканы олардың өз мамандықтарына байланыстырып және ақпараттық технологиялармен еркін жұмыс істей алатын маман дайындауға ат салысудамыз. Олардың өз сабақтарын сәтті өткізуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ), компьютерді пайдаланудың үлесі орасан зор.