Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Тәжірибе сабақтарда геоақпараттық технологияларды қолданып бәсекеге сай мамандарды дайындау.

Алемгуль Оралхановна Садвакасова, преподаватель спецдисциплин (Семей қаласы, Геодезия және Картография колледжі)

Елбасының Қазақстан халқына 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауынан. Адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Агенттіктің орталық аппараты мен өңіраралық жер инспекцияларына, геодезия және картография саласында кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды қолға алу, инновацияларды кеңінен енгізу, шетелдік тәжірибелерді пайдалану, осы мақсатта аталған салалар бойынша басқа да ғылыми зерттеу және де салалық оқу орындармен тығыз байланыстар орнату деген еді.

Қазақстанда да басқа елдер сияқты, жер қатынастары қоғамдық және экономикалық қатынастардың негізі болып табылады, себебі жер қоғам өмірінде ерекше роль атқарады. Жер, барлық қоршаған ортаның басты құрам бөлігі, барлық өндіріс түрлерін, байланыс құралдарын, тұрғын жай орнын орналастыру үшін жалпыға бірдей базис болып табылады.

Елбасының жолдауына байланысты аса маңызды мәселелердің бірі геодезия және картография саласы. Қазіргі таңда геодезия және картография мамандығы жоғары орындарда. Жылдан жылға республиканың номенклатурасы, сондай ақ географиясы бойынша жұмыстар қарқынды түрде өрістеп келеді.

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының экономикасындағы өзгерістер ең бірінші нарық экономикасының құрылуымен байланысты. Ірі қалаларда нарықтық қатынастар жағдайында жерсаясатын жүргізу жаңа амалдарды қажет етеді. Сол қажеттілікке байланысты сандық карталарды қазақ елі үшін маңызды, жерді бөліп басқаруда да қолдануда.
Осы саланың мамандары мемлекет территориясын картаграфиялауда, геодезиялық жұмыстарды орындауда тәжірибелік жұмыстарды нақты білуі керек. Білім берудің негізі түрі осы салада зертханалық тәжірибелік сабақтар. Тәжірибе сабақтарын қажетті аспаптармен жабдықталған, қамтамасыздандырған зертханаларда өткізуді қарастырған. Осы мамандарды дайындау бағдарламасында ортақ сабақтың орта есеппен 50 пайызға жуық зертханалық тәжірибелік сабақтар. Бұл бізге оқушылардың теориядан алған білімін бекіту үшін үлкен мүмкіндік береді. Мамандықты меңгеру оқу тәжірибемен аяқталады. Біз алға қойған мақсаттарды табысты орындауға барлық мүмкіншіліктер бар.

Сондықтан біздің алдымыздағы мақсат білімді де білікті бәсекеге сай заманауи технологияларды жете меңгерген өз ісін жетік меңгерген белсенді маман (профессионал) дайындау. Өз ісін жетік меңгерген белсенді маман (профессионал) дегеніміз – жүйелі білімді меңгерген, кәсіптік жұмыстарды сапалы орындай алатын, өзінің көз қарасын тұрақты дәлелдей білетін, заманауи технологияларды меңгерген маман.