Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Педагогикалық колледжде “компьютерлік технология” оқу пәнін электронды оқулықты қолданып оқытудың жолдары.

Назира Нургалиевна Оспанова (М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі).

Адам байлығының ең тамашасы – білім. Барлығы соған ұмтылады, бірақ ол өзі келмейді. Әбу Райхан әл–Бируни. Үшінші мыңжылдық кезеңі, яғни XXI ғасыр ақпарат ғасыры деп аталады. Бұлай аталуы тегіннен тегін емес. Қоғамның даму көрсеткіші ретінде ақпарат алынып, ол оның ең анықтаушы рөлін атқаратын болды. Ақпарат стратегиялық ресурсқа айналып, бұрынғыдай еңбек пен табиғи қорлар құны негізге алынбай, бұдан былай білім құны ең негізгі байлық болып санала бастады. Ақпаратты сақтау, жинау, өңдеу және тарату тәсілдері мен құралдары динамикалық түрде өзгеріске ұшырап, солар арқылы қоғамның инфрақұрылымының қалыптасуы жүріп жатыр.

Ақпараттандыру – жеке және заңды тұлғалардың ақпаратқа деген талаптарын қанағаттандыру мақсатында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде ақпараттық қорлар мен жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс. Қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағыттар, қоғамның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен онша үндеспей отыр. Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құрудың, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Сондықтан осы жүйесінің негізгі ұстанымдарын жүзеге асыру мақсатымен «Қазақстан

Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» жарық көрді. Бұл білім беруді дамыту тұжырымдамасы мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайтын Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын ғылыми-теориялық, әдіснамалық құжат болып табылады. Аталған тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері: Мақсаты: әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім берудегі дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу. Міндеттері: