Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Оқыту үрдісіндегі ақпараттық технологияларды қолдануды теориялық жақтары

Саньязова А. Б.(Электротехника колледжі)

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез келген саласына қолданып, одан нақты нәтижелер алуымызға байланысты, біраз компьютерлендіру ғасырына бет бұрып отырмыз.

«Орта оқу орындарының оқушыларының компьютерлік сауаттылығымен оқыту үрдісіне ЭЕМ кеңінен ендіруді қамтамасыз ету шаралары» жөніндегі қаулыдан басталынған компьютерлендіру процесі ағарту қызметкерлеріне жаңаша талап қойып отыр. Орта оқу орындарында компьютерлендіру екі үлкен мәселені қамтиды:

1. Информатика пәнін оқыту.

2. Басқа сабақтарда компьютерді көрнекі құрал ретінде пайдалану.

Информатика бір жағынан социалды шындықты орнатуды, екінші жағынан дамытушы феноменді береді. Бүгін оны жоғары дәрежелі маңызды ғылыми пән деп ұғынуға болады. «Жаңа технология» термині бірнеше жыл бұрын ғана қолданыла бастады, ал «информатика» жиі қолданылады.

60 жылдардағы дербес электронды есептеуіш техникасы өзіндік «компьютер формасы» береді, яғни оны көптеген өнімділік, қолайлылық, әмбебақтық, программалық, үйренушілік, дамушылық, сәйкестілік қасиетімен алмастыруға болады.

Бұл қасиеттерді компьютерге байланысты педагогикалық үміттеуде басқаша түсінуге болады, яғни төмендегідей мазмұндауға болады:

1. Компьютер оқу процесіне байланысты көптеген теңбе-тен техникалық құрал бойынша оқыту болып саналады;

2. Динамикалық үйренумен компьютерді программалау, оның тұтастығын сақтай отырып оқу процесінің жекеленуіне көмектеседі;

3. Компьютер – оқу процесінің жаттығу сатысын бақылаудағы жекелеме құрал;

4. Визуалды және басқа да қиын бейнелеуді құрудағы компьютердің қабілеттілігі оқу үрдісінің бағдарламалық жолдың қабілеттілігін арттырады;

5. Компьютер оқу үрдісіне жаңа танымдылық қасиетін енгізеді,

Негізгі бөлім

1.Есептеу техникасы мен бағдарлаудың негіздерін зерттеу 60 жылдарда басталды .

ЭЕМ жабдығы құрамына дискілердегі сыртқы жадыны енгізу ең үлкен жетістік болды. Бұл қажет ақпаратты іздеу мерзімін минуттардан миллисекундқа дейін қысқартты.

ЭЕМ-ді оқу орындары да тұтына бастады. Олар ЭЕМ-ді ғылыми есептеуге ғана емес, тіке оқу процесіне бейімдеуге тырысты.