Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Оқыту үдірісінде ақпараттық- коммуникативті әдістерді пайдалану – қазіргі заман талабы

Преподаватель информатики Тортбаева Раушан Бекетовна
(КГКП «Колледж транспорта» г. Семей)

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту — қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа жолдауындағы 7-бөлімінде: «Оқыту үдерісіне заманауи әдістеме мен технологияны енгізу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйені құру, жастар үшін білімге қолжетімділік аясын кеңейту қажет. Білім тек білім беріп қана қоймай, сондай-ақ алған білімін әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалануға икемделуі керек» — деп көрсеткен.
Тәуелсіз мемлекеттің білімі мен ғылымының дамуы үшін дүниежүзілік білім кеңістігіне ену бүгінгі күннің басты міндеті. Қазақстанға әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болу үшін білім жүйесінің жаңа үлгісін жасау қажет.

Қоғамды ақпараттандыруды дамытудың негізгі факторларының бірі — білім ақпараттандыру. Олай болса, қоғамның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты, мәдениетті және ақпараттық құзырлылығы дамыған тұлға болуы қажет.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарда білім беруді дамыту бағдарламасына сәйкес мұғалім тұлғасын дамытудың орны ерекше. Сондықтан, оны қалыптастырып, дамыту үшін жоғары оқу орны білім беру үдерісінде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану жолдарын іздестіру бүгінгі күні «өзекті мәселе ретінде қарастырылуда.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды, әсіресе, жастарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті қолдана білу, дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және ақпараттық-телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үдерісіне тиімді пайдалану арқылы мұғалім тұлғасын дамыту және білім сапасын көтеру міндеттері қойылып отыр.

Қазіргі еліміздің білім беру саласына, яғни біздің алдымызға қойып отырған негізгі міндеттер ретінде: ол ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалатынын және әлемдік білім кеңістігіне толығымен ену білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруде білім беру үдерісіне ақпаратты-қатынастық технологиялардың жетістістіктерін енгізу, электрондық оқулықтар мен мультимедиалық бағдарламаларды тиімді және кеңінен қолдану, елдегі ақпаратты инфрақұрылымды әлемдік білім берумен ықпалдастыру, білім беру ұйымдарының байланыстарын нығайту болып табылады.

Пожалуйста, зарегистрируйтесь для комментирования.