Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Оқу өрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану

Г.К.Бутабаева, РМҚК «Рымбек Байсеитов атындағы, Семей қаржы-экономикалық колледжі»

Кіріспе. ХХІ ғасыр – өткен «индустрияландыру дәуірімен» салыстырғанда, «ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Бұл дегеніміз – жаңа әлемдік көшбасшылар ретінде, көбірек көмір немесе автомобильдер өндіретін мемлекеттер емес, жаңа ғылыми технологияларды дамытатын елдер есептеледі деген сөз.

Сондай-ақ бұл ең маңызды өнім ақпарат болып табылады деген сөз, және қай елдің тұрғындары жақсы білім мен ақпаратқа оңай қол жеткізе алса, сол ел ғана алдыңғы қатарға шыға алады дегенді білдіреді. Сондықтан да Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталады» деген байламы оқу орындарына зор мақсаттар мен міндеттер жөктейтіні белгілі [1].

Мен Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінде информатика пәнінің оқытушысы ретінде екі жыл қызмет атқарамын. Және келесі пәндерден сабақ беремін: «Экономикалық ақпаратты автоматты төрде өңдеу», «Бағдарламалау», «Мемлекеттік мекемелердегі ақпараттық жөйелер», «Операциялық жөйелер және есептеу комплексін бағдарламамен қамтамасыз ету». Біздің колледжде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақта қолдану өшін барлық мөмкіндіктер жасалған. Колледжде жаңа компьютерлермен жабдықталған төрт оқу зертханасы және интерактивті тақтаны пайдаланатын төрт дәрісхана бар. Оқушылардың қосымша ізденуін қалыптастыру өшін Интернет-кітапхана жұмыс істейді. Сондықтан да жаңа ақпараттық технологияларды өз сабақтарымда мөмкіндігінше жиі пайдалануға тырысамын.

Қазіргі кезде көптеген сан алуан компьютерлік бағдарламалар шығып жатыр. Оларды сабақтарда кеңінен қолдану бірінші кезекте информатика пәні оқытушыларының міндеті. Мен де өз сабақтарымда әр төрлі бағдарамаларды пайдалануға тырысамын.

Ең алдымен қарапайым Office-тік бағдарламалардан бастайын.