Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Ms Excel – бағдарламасында пәнаралық байланысты іске асыру

БУРКЕНОВА З.С. ШҚО ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ «ҚҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖІ» ҚМКК

Қазақстан 2030 бағдарламасына сай, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу үшін, бүгінгі таңда бейімдік оқыту, қашықтан оқытумен қатар ақпараттық технология құралдарын пайдалану тиімділігі күннен-күнге даму үрдісінде. Әр ұстаз өз пәніне үлкен қызығушылықпен мән беріп өзі тәрбиелейтін шәкіртіне оның қиын да, қызықты тұстарын түсінікті, айқын түрде дәріптеуге тырысады емес пе. Қазіргі ғылымның барлық салалары өзара тығыз байланысты. Осыған байланысты оқу пәндері де бір-бірінен ажыратылуы мүмкін емес. Мен де өзімнің сабақтарымда оқушының білімге құштарлығын арттыру, шығармашылығын шыңдау мақсатында ақпараттық технологияны пайдалана отырып, пәнаралық байланыстарды қолданамын.

Пәнаралық байланыс оқушылардың ғылым негіздерін жан-жақты және терең меңгерілуінің дидактикалық шарты және құралы болып табылады. Пәнаралық байланыстарды белгілеу терең білім алуға ғылыми түсініктер мен заңдылықтардың қалыптасуына, оқу-тәрбие процесінің жетілдірілуіне, ғылыми көзқарастың қалыптасуына, материалдық әлемнің бірлігі жөнінді түсінік алуға, табиғат пен қоғамдағы құбылыстардың өзара байланысын білуге мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. «Информатика негіздері» пәнінің «Microsoft Excel – электрондық кестесі» бөлімін оқытқан кезде функциялар мен формулаларды енгізу, графиктер мен диаграммаларды салу, мәліметтерді байланыстыру сияқты амалдарды математика, физика және астрономия, экономика пәндердің есептерін шешу алгоритмі арқылы түсіндіремін.

МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР у=-2х2+5 функциясы берілген  -5