Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Медициналық жаңа аппараттардың технология дамуындағы орны

Эльдосова Айгерим Эльдосовна (Семей қаласы, «Авиценна» медициналық колледжі)

Жұмыстың зерттемелік объектісі мен заты. Біздің зерттеу объектіміз — денсаулық сақтау саласын нығайтуда ада¬ми әлеуеттік деңгейін арттыру, ал осы объектінің ішінде зерттейтін затымыз – заманауи медициналық аппараттармен қамтамассыз ету.

Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеті. Зерттеу жұмыс жобасы барысында алдымызға мынадай мақсат қойдық:

• халықтың денсаулығын жақсарту;

• медициналық аппараттардың көмегімен нақты диагноз қойып, науқасты толық емдеп шығару;

• қажет көлемде сапалы және қауіпсіз медициналық көмекпен қамтамасыз ету;

• медициналық аппараттардың артықшылықтары мен кемшіліктерін, қолжетімділікті талқылау.

• Міндеттеріне:

• аурудың алдын-алу мен оны ерте айқындау;

• науқасқа қауіп тудырмау жолы арқылы зиян келтірмеу;

• ресурстарды дұрыс бөлу (адамдық және материялдық);

• науқасты емдеудің жоғарғы сапасымен қамтамасыз ету және оны сауықтандыру;

• медициналық қателерді болдырмау мақсатында ұдайы емдеу мониторингін жүргізу;

• әлемдік стандарттарға сәйкес персоналдардың білімі мен әдетін жетілдіру.

Зерттеу өзектілігі. Медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, саламатты өмір салтын алға бастыру ада¬ми әлеуеттің деңгейін арттырудың келесі бір маңызды бағыты болып табылады. Бүгінде «Саламатты Қазақстан — 2015» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Денсаулық сақтау жүйесі са¬палы дамып келеді. Халық денсаулығы көрсеткіштерінің жақсы серпінділігіне қол жеткізілді. Бала туу өсіп, өмір сүру ұзақтығы ұлғайды.

Елде озық емдеу-диагностикалық кешендер, медицинаның негізгі бағыттары, оның ішінде ең жаңа бағыттар бойынша ондаған орталықтар құрылды, көліктік медицина дамытылуда. Қазір адам¬дар жақсы медициналық қызмет көрсетілетін емдеу мекемелерін таңдайды. Олар бұл мәселені анықтап алды, енді одан әрі қозғалу қажет.