Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Математика пәнінде ақпараттық технологияны пайдалану.

Саньязова А.Б., КМҚК «Электротехника колледжі»

Қазіргі кезде білім беру саласындағы өзекті мәселе – білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру болып отыр. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталады» деген байламы мектептерге зор мақсаттар мен міндеттер жүктейтіні белгілі. Ал ақпараттарға сүйенер болсақ, кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарлығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы рөлі мен салмағы сол елдің техникалық даму деңгейімен анықталады.

Әлеуметтік ақпараттардың көлемінің өсуі, ақпараттық мәселені әлдеқайда актуалды орынға шығарды. Мұны күн сайын өсіп отырған деректермен, әдебиеттермен жұмыс жасап отырған мұғалімдер тез сезінді. Оқу құралының төңірегінен шығу үшін деректерді іздеп, қажетін таңдауда мұғалімнің әрекетінде көп қиындық кездеседі. Деректерді кең түрде пайдалану мұғалімдер мен оқушылар дамыған ақпараттық оқыту технологиясы мен жоғары деңгейдегі ақпараттық мәдениетті игергенде ғана мүмкін «Ақпараттық технологияны игеру дәрежесі, қазіргі заманғы жаңа технология негізінде ақпаратпен жұмыс жасай білу деңгейі адамның ақпараттық мәдениетін білдіреді» делінген ақпаттандыру тұжырымдамасында.

Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып отыр. Ал біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі, электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімділігін күшейту және білім сапасын көтеру керек болып отыр.

Олай болса барлық сабақтарды ақпараттық технологияны пайдалану арқылы жүргізу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.