Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Компьютерлік ойындардың бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекет белсенділігін арттырудағы маңызы.

Г.А. Мавлитаева, Э.М. Таяпберген М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі

Қазіргі кезде теорияда және практикада бастауыш сыныпта білім беруде шығармашылық қабілетін дамытуға және танымдық әрекетінің белсенділігін арттыруға көп көңіл бөлінеді.

Таным — бұл әрқашан жаңаны іздеу, шындыққа жету, ал шығармашылық — жаңаны сапалы құрудағы әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқушыларының жақсы оқығанын, мектепке қызығушылықпен, ынтасымен келгенін қалайды. Бірақ оқушылардың көбі білімге қызықпайды, оқуға өз еріктерімен ниеттенбейді. Оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру үшін қандай педагогикалық тәсіл қолдану қажет? Егер оқушының білімге, оқуға қызығушылығы болмаса, онда оның жақсы оқуы мүмкін емес. Сондықтан оқушылардың қызығушылығын арттырып, дамытып және қалыптастырып отыру қажет. Танымдық қызығушылық — білімге, ғылымға, оқуға қызығушылық.

Танымдық қызығушылықтың тууы баланың даму деңгейіне, тәжірибесіне, біліміне байланысты, ал бір жағынан оқу материалын беру тәсіліне байланысты. Сондықтан, оқытушының ең маңызды мақсаты — оқушылардың білімге деген қызығушылығын дамыту үшін сабақта әр түрлі әдіс тәсілдерді пайдалану. Қазіргі мектептерде оқушыларға анықталған білімді ғана беріп қоймай, өздігінен білім алуға, өзінің мүмкіндіктерін пайдалануға жетелеу қажет. Мұндай процестерді дамытудың қажетті шарты оқушылардың оқу — танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру болып табылады.

Қазіргі кезде оқу процесіне енгізілген алғашқы кезеңдерден басталатын жаңа ақпараттық технолология маңызды роль атқарады. Сондықтан бастауыш мектепте информатика сабақтары оқушылардың оқу — танымдық әрекеттерін белсендетуге салмақты үлес қосады.

Бастауыш сынып оқушылары үшін сабақтың негізгі мақсатына жетуде бірмезгілде оқушылардың жоғары дәрежеде танымдық әрекетін белсендетін бірнеше негізгі сабақты ұйымдастыру принциптерін көрсетуге болады:

• Оқытудың алғашқы кезеңдерінде сабақта ойын формасын қолдану. 5 — 10 жастағы балалар үшін сабақ үстінде әртүрлі ойындарды ұйымдастыру танымдық әрекеттің белсенділігіне ие болады. Оқушылар ойнай отырып, күрделі ұғымдарды игереді және бекітеді, дағдыларын және шеберлігін қалыптастырады. Dәстүрлі сабақта оқытушы тәртіпті сақтау үшін және оқушылардың көңілін аудару үшін көп күш жұмсайды, ал ойын кезеңінде оқушылар өз қызығушылығымен қатысады.

• Практикалық тапсырмаларды орындауда жарыс — байқау сипаты. Ұжымда өзіндік қасиеті бар, жетекші болу үшін ұмтылатын балалар үшін оқу жұмысында қосымша мүмкіндіктерді пайдалану қажет. Ол үшін сабақты программалық және оқу — әдістемесімен қамтамасыз ету салыстырмалы түрде жеңіл.