Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Компьютерлік оқытушы жүйесіне қойылатын негізгі педагогикалық – психологиялық талаптар

Сейтказина Н.С.(Бизнес колледжі)

Компьютерлік техниканың барлық салаға екпінді енуі, соның ішінде білім беру саласына енуі компьютерлік оқыту технологиясын және компьютерді білім беру саласында қолданудың психологиялық негізін іргелі зертеуді талап етеді. Компьютермен сұхбаттасудың интерактивтік процессін және компьютердің көрнектілік мүмкіндіктердің жоғары деңгейге көтеретін жаңа ақпараттық технологиялардың бірі мультимедиа (multimedia) құралы екендігі белгілі.

Оқытушы программалардың ішінде имитациалық-моделдеуші программалары өмірде, табиғатта болатын құбылыстар мен процестерді, оқыту процестерді көрнекті бейнелей алатындығы белгілі. Оқыту процесінде компьютерлік оқыту программалары, ақпаратты іздеу және ақпаратты анықтамалық, оқу процесіне арналған оқытушы орта-эксперттік жүйелері қолданылады. Осы күнде белгілі компьютерлік программаларды зерттей келе компьютерлік оқыту жүйесі оқытушы программалардың жеке дара түрінен ғана емес, комплексті, көп функционалды болу қажеттігі, сонымен қатар, компьютерлік оқытушы жүйесіне қойылатын негізгі талаптар анықталды.

Психологиялық-педагогикалық талаптар қарастырайық:

Психология көзқарасы тұрғысынан қарағанда компьютерлік оқытушы жүйелеріне қойылатын ең негізгі талаптарға:

• Кері байланысты ұйымдастыру;

• Оқудың мотивациясын қалыптастыру;

• Компьютерлік оқыту жүйесі негізінде жеке оқыту;

• Сұхбаттасуды жүргізу жатады.

Оқушының компьютермен сұхбаттасуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды қарастырайық: Оқушы мен компьютер арасындағы оқыту сұхбаттасуын проектілеуде оны симметрия параметрі бойынша бағалау маңызды. Компьютердің функциясына оқу бағыты мен тақырыпты анықтау, сұхбаттасуды құрастыруды жатқызсақ, сұхбаттасу ассиметриясы компьютердің пайдасына шешіледі. Оқушыдан тек қана пассивтік жауап қайтару талап етіледі.

Мұны педагогикалық тұрғыдан дұрыс деп санауға болмайды. Сұхбаттасу қадамдарын бастауда оқушы мен компьютерге тең мүмкіндік берілуі керек. Оқушының сұхбаттасудың кез-келген уақытта бастауға мүмкіндігі бар, ал компьютердің кез-келген уақытта сұхбаттасуды бастауға мүмкіндігі жоқ. Бұл жерде оқушының сұхбаттасуға дайындығы, оның сұхбаттасуға мұқтаждығы, сонымен бірге компьютердің сол сәтте сұхбаттасуды жүргізу мүмкіншілігі сияқты факторлар іске қосылады.