Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Кешірім Бозтайұлы Бозтаев (1933-1999)

Библиотекарь колледжа Пшембаева Даметкен Какешевна, студент 173 группы Серикбай Нурбек
(КГКП «Коллдеж радиотехники и связи», г.Семей, ВКО)

Қоғам және мемелекет қайраткері, Семей облысының бұрынғы бірінші басшысы, Қазақстан Халық Академиясының академигі және вице-президентті, Республикаға еңбек сіңірген қайраткер Ертіс атырабындағы екі облыста қырық жыл бойы еңбек етіп, артында тұрлаулы істер қалдырған бірегей тұлғанының бірі – Кешірім Бозтаев.Ол қарапайым шаруаның отбасында тәрбиеленіп өсті. Әке-шешесі колхозда еңбек еткен. Туған жері Семей облысы Аякөз ауданының Ақшатау ауылы. 1951 жылы орта мектепті бітіріп, Қазақтың тау-кен институтының металлургиялық факультетінде оқиды. Оны тәмамдап, жолдамамен Өскемен қорғасын-мырыш комбинатына қатардағы балқытушы болып орналасады. Үш жылдан кейін ғана цехтағы техникалык шығармашылық қоғамын басқару ұсынылады. Оған дейін металлургиялық пештің жалынына да ұшырады, жарылыс болып, өлімнен де аман қалды. Сонда да техникалық шығармашылыққа бой ұрып, жаңалық енгізуге тырысады. Жетілдіріп отыру керек. Себебі комбинат шығаратын түсті және қымбат материалдардың ондаған түрін, сирек кездесетін элементтерін көптеген елдерге жөнелтіп жатады екен. Соны ескеріп, экономикалық және техникалық тиімділігі зор ұсыныстар енгізіп жүрген. Бұл бағыттағы еңбегі бағаланып, 1965 жылы оған «Қазақ ССР-нiң өнертапқышы» деген құрметті атақ берілген.

1967 жылы жалпы партия конференциясында партком хатшылығына сайланады. Ол басқарған партия ұйымының комбинат табыстарын өсіре беруге қосқан үлесі айтарлықтай болса керек, 1972 жылы, тіпті, Совет Одағы Компартиясы Орталық Комитеті комбинат парткомының жұмыс тәжірибесі жөнінде К.Бозтаевтың есебін тыңдап, дұрыс және тиімді деп тауып, партия ұйымдарына ұсынған. Келесі жолы ол, Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің хатшысы болып сайланған. Одан кейін екінші хатшысы болды, оған облыстың өнеркәсібі мен күрделі құрылысына басшылық ету жүктелді. Ол қызметті де абыройлы атқарған ол, облыстық атқару комитетінің төрағасына жоғарылатылды.

Пожалуйста, зарегистрируйтесь для комментирования.