Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Информатика сабағында ақпараттық технологияны қолдану

Тлеумбетова Гаухар Қызырханқызы, Семей қаласы,ҚКМК «Электротехника колледжі» информатика оқытушысы

«Сапалы білім-Қазақстанның идустриялды инновациялы дамуының негізі» Н.Ә.Назарбаев (2011 Халыққа жолдауы)

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақты бірге қалайық» атты Қазақстан халқына Жолдауында Білім туралы былай деген еді: «Бизнес – ассоциация төрағаларының және жұмыс берушілердің қатысуымен кәсіптік техникалық кадрларды дайндау бойынша Ұлттық кеңес құру керек»[1]

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту қажет. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» делінген. Сонымен қатар бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізу, On-line тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру, оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттандырудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу қажеттігін баса айтты. [2]

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында кәсіптік және техникалық білімді жетілдіру көзделген.

Қазақстандық қоғамды реформалау жағдайында ТжКБ жүйесі тұлға мүдделерін, еңбек нарығының сұраныстарын, экономика мен әлеуметтік сфера дамуының перспективаларын қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады.

Мамандарға қойылатын ескірген біліктілік талаптары бойынша кадрларды даярлау мазмұны индустрия және жұмыс берушілер сұраныстарын қанағаттандыра алады.

Инженер-педагогикалық қызметкерлердің мәртебесінің жоғары болуы жоғары білікті кадрларды тартуға мүмкіндік береді.Қаржыландыру көлемінің төмендігі мен тиімсіз басқару сақталып отыр.[3]