Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Информатика сабағын жеке тұлғаға бағытталған түрде оқыту.

Адам байлығының ең тамашасы – білім. Барлығы соған ұмтылады, бірақ ол өзі келмейді. Тлеумбетова Г.

Қазіргі кезде білім беру парадигмасы өзгерді. Ол бұрын пәнге бағытталған түрде жүргізілсе, енді жеке тұлғаға бағтталған түрде жүргізілетін болды. Бұл-қоғамдағы өзгерістерге байланысты туындаған объективті процесс. Бұрынғы оқыту технологиялары оқушылардың жалпы оқуға деген ұмтылыстары мен біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған еді. Онда оқытылатын пәннің өзі оқыту мақсаты тәрізді болатын да, ал оқушы-соған жету құралы болып саналатын. Осының нәтижесінде көптеген оқушыларда оқуға деген оң көзқарас қалыптаспайтын.

Информатиканы оқытудың негізгі мақсаты-оқушыларды белсенді, әрі толыққанды өмірге және информациялық қоғам ортасындағы жұмысқа дайындау болып табылады. Бірақ мұндай қоғамда информация көлемінің өсуі (әр 2 жылда екі есе артады) практикалық әрекеттермен шыңдалып отыруы тиіс, мұнда оқытудың тек мәлімет беретін түсіндіру – көрсету технологиясымен шектелуге болмайды. Қазіргі жаңа ақпараттық қоғам түрлі мәліметтермен жұмыс істеп, қойылған мақсатқа жету жолында алдыңғы қатарлы информациялық мәдениеті бар, яғни компьютерлік информациялық технологияларды, жаңа техникалық құралдар мен тәсілдерді пайдаланатын мамандарды керек етеді. Бұл кезеңде кез келген жеке тұлға өз қызметінің нәтижелерінің ойдағыдай болуына көп көңіл бөлуі тиіс.

Бүгінгі күні бізге, елімізге дені сау, рухы таза, ойлары биік адамдар қажет, олар алдарына өресі мол мақсаттар қойып, соған жетуге тырысады. Беретін пәніне қарамастан, мұғалім осындай тұлғаларды тәрбиелеуі тиіс, анығын айтқанда, баларды жастайынан нағыз адам болуға, алдарына керекті мақсат қойып, оған жету жолында кездесетін қиындықтарды жеңе білетін тұлға ретінде дайындау керек. Мұндай тұлғаларды қалай тәрбиелейміз? Мен мұнда жеке тұлғаға бағытталған оқыту түрін пайдаланған дұрыс деп санаймын.

Жеке тұлғаға бағытталған оқыту-оқушының барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, оның жеке ерекшеліктерін дамытуға қажетті жағдайлар жасау деген сөз. Білімділіктің, адамгершіліктің, кәсіби шеберліктің және іс-әрекетке икемділіктің жаңаша түсінігі алдыңғы шепке оқушылардың әрекеттері мен қатарымен араласуындағы өз орнын анықтау, өзін-өзі жетілдіру адамның табиғи мүмкіндіктерін ашу, ойлау қабілетін жетілдіру, сөйлеу, әрекет ету сияқты қасиеттерін ашып, осылардың нәтижесінде-өмірдегі өз орнын табуға көмектеседі. Адамдарға (оның ішінде балаларға) ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан бір қасиет-ол жеке тұлға ретінде өз мүмкіндіктерін ашып, ортасына «өзінің маңыздылығын таныту» болып табылады (Д.Карнеги). Әр пән бойынша да білім қажет, бірақ негізгі мақсат ол емес, ол оқушының өзін-өзі жетілдіру, алға жылжыту, оө орнын анықтау істерінің негізгі құралы болып, нәтижесінде-өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру рөлін атқаруы тиіс.