Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Информатика пәнін оқытудағы кәсіпкерлік бағыт

Батырова К.М., Дюсембинова А.У.

Қазіргі замандағы Қазақстан Республикасының саясаты денсаулық сақтау жүйесінің талабына сәйкес жаңа технологияларды, бүгінгі күнгі емдеу әдістемелері мен медициналық қызмет көрсетуді халықаралық стандартқа жүйелі түрде көшіру болып табылады. Мемлекет осы бүкіл жұмыстарды жүзеге асыру үшін барлық қажетті базалық шарттарды құрды.

Ақпараттық процестер барлық медицина мен денсаулық сақтау салаларында дамыған.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінің барлық салаларының функциялау нақтылығы оларды тиімді басқару мен медицинадағы ақпараттық ағымдардың жинақталуына байланысты. Осы ақпараттық ағымдармен жұмыс істеу үшін медициналық ақпараттық жүйелер тағайындалған.

Ақпараттық жүйе дегеніміз – алдын – ала жинақталған құжаттар жиыны мен ақпараттық технологиялар, сонымен қатар есептеу техникасы мен байланыс құралдарын қолдану арқылы ақпараттық процестерді жүзеге асыратын жүйелер.

Медициналық ақпараттық жүйелерінің негізгі міндеттері халыққа кез келген жағдайда ақпараттық медициналық көмек көрсету, медициналық мекемелерді басқару мен денсаулық сақтау жүйесінің өзін ақпараттық қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында №543 бұйрық бойынша медициналық ақпараттық ағымдарды тиімді қолдану мен жинақтау үшін 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап «ААЖ поликлиника», «ААЖ стационар», «066 формасы» мен «Dn stat» медициналық автоматты ақпараттық жүйелері (ААЖ) енгізілді.

«ААЖ- стационар» бағдарламалық кешені стационарда және стационар сияқты мекемелерде емделген науқастар туралы жедел ақпарат алу мен мониторинг процестерін автоматтандыруға арналған. «ААЖ» бағдарламалық кешені екі бөлімнен: стационардың медициналық статистикасы мен қабылдау бөлімінің статистикасынан тұрады.

Бағдарламалық модуль мәселені шешуде ақпарат жиынын болжайтын жүйелік көзқарас пен кешенді принципта құрылған, ол аудандық ұйымдардан бастап денсаулық сақтау басқару органдарына дейінгі барлық негізгі жүйелердегі субъектің ақпараттық, өзара ғрекеттестік координатасын бақылайды және жоспарлайды.

Бағдарламалық модуль мәселені шешуде жүйелік кешенді принципта құрылған, ақпараттың жинақталуын болжайды сараптамасы барлық негізгі денсаулық сақтау жүйесінің деңгейлерінде аудандық ұйымдардан бастап денсаулық сақтау басқару мекемелеріне дейін жоспарланған.

«ААЖ- стационар» бағдарламасының міндеті:

— Емделген науқастың төл құжаты бойынша 066/у статистикалық картаға мғліметті енгізу және өндеу

— Анықтамаларды редактрлеу және қарап шығу