Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Информатика мен программалық тілдерді оқыту

Идрисова Алия Койбаковна (Семей құрылыс колледжі)

Қазахстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасында кәсіптік және техникалық білімді жетілдіру, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық, рухани күш- қуатын жетілдіру ,жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау міндеті көзделгенін ескерсек,болашақ мамандарды жаңашылдыққа даярлау көзделген. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі оқытуды ақпараттандыру.Ақпараттандыру дегеніміз білім сапасын арттыру,білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру, үшінші мыңжылдық кезінде ақпараттық қоғамға өту.

Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.

Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми-техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып-үйрену күннен күнге күрделіленіп барады.

Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан «информация» ұғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.

Кәдімгі информациялық технологиялар деп көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі информацияларды дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады. Жаңа информациялық технологиялар деп ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы — әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы – информацияны дайындау, жинау, жеткізу және өндеу технологияларын айтады. Информациялық процестер — адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық қүрылғыларда және қоғамдық өмірде информацияны жеткізу, жинақтау жөне түрлендіру процестері.

Программаны машиналық код түрінде жазу. Компьютердің негізгі орындаушысы – процессор. Ол оперативті жадымен бірге жұмыс істейді: оперативті жадыдан командалар мен берілгендерді алып, командаларға сәйкес берілгендерді өңдеп, оларды жадыға сақтауға немесе басқа құрылғыларға: видеокартаға, дыбыстық картаға, принтерге, модемге және т.б. жібереді.

Пожалуйста, зарегистрируйтесь для комментирования.