Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтерудің дидактикалық негіздері

Информатика пәнінің оқытушысы Н.С.Сейтказина. КМКҚ «Бизнес колледж»

Қазiргi кезеңде бiлiм берудегi ақпараттық және коммуникациялық технологиялар информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру мен қайта даярлауда ерекше роль атқарады. Компьютерлік техниканың дидактикалык, мұмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға пайдалану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту әдістері мен формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді.

Оның оқыту үрдісінде даралап және топтап оқыту тәсілдерінде, өзіндік танымдық зерттеу жұмыстарын жүргізуге зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденген. Бірақ, бүгінгі таңда информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың қажеттілігі мен оны оқу үрдісінде жүргізуте тиімді оқу-әдістемелік құралдардың, оқыту бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қайшылық бар. Информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру жүйесi бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеруге қойылатын талаптарға сәйкес оқу жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған педагог мамандардың келесi құзырлықтарын қалыптастырудың деңгейлерi қарастырылады:

1. Пәндiк — мамандық қызметтерiне байланысты қойылатын проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.

2. Аналитикалық бақылау — пәндiк iс — әрекеттерiн талдау мен бақылау проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.

3. Ұйымдастырушылық – оқушылардың өзiндiк iс-әрекеттерiн ұйымдастыруға бағытталған проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.

4. Коммуникативтiк — «Мұғалiм-Оқушы», «Оқушы-Оқушы», «Мұғалiм – Ата-ана» және т.б. жүйелердегi қарым-қатынасты проблемаларды шешу қабiлетi.

5. Бейiмделген — қазiргi жағдайдың өзгерiстерi мен талаптарына сәйкес проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.

6. Ынталық/психологиялық – психологиялық, жекетұлғалық, жекетұлғалар арасындағы өзара қарама-қайшылықты шешу проблемаларының қабiлеттiлiгi.

7. Жобалық – мектептi, мұғалiмдi және оқушыны дамыту жобаларын шешу қабiлеттiлiгi.

8. Ғылыми-iзденiстiк – мектептiң, мұғалiмнiң және оқушының даму нәтижелерiн зерттеудi ұйымдастыру және оны өткiзу проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.