Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Физика пәнінде ақпараттық- коммуникативтік технологияны қолдану тиімділігі.

Преподаватели физики и информатики Букабаева Асем Тусупжановна, Д.К.Байсеитова (Семей қаласы, Құқық және бизнес колледжі)

Тұйін
Бұл мақалада оқытушы ақпараттық- коммуникативтік технологияны физика сабағында қолданудың әдіс-тәсілдерімен бөліседі
Резюме
В этой статье преподаватель колледжа делится своим опытом использования информационно-коммуникативных технологии на уроках физики.

Білім беруді ақпараттандыру процессі – пән оқытушылары мен әдіскерлерге, білім мекемесін басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны, бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі зор мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру-қазақстандық білім беру жүйесін жаңа сапалылық деңгейге көтерудің алғы шарты.

Осыдан, ақпараттық қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлылықты ескерсек, информатика мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығын қалыптастыру деңгейлері мынандай болады:

Бастапқы деңгей:

• информатика мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану салалары бойынша жалпы түсінік;

• ақпараттық-коммуникациялық технологиямен қарапайым жұмыс жасау тәсілдерін меңгерту.

Алгоритмдік деңгей:

• ақпараттық-коммуникациялық технологияның дидактикалық мүмкіндіктерін меңгерту;

• бағалау мен өзіндік бағалау дағдыларын дамыту.

Эвристикалық деңгей:

• ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін түрлі ақпараттарды өңдеуде қолдану;

• интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін информатикадан электрондық сабақтарды жасақтауға пайдалану;

• физика пәнін сапалы түрде оқытуға педагогикалық технологиялардың ішінен тиімдісін таңдай білу.

Шығармашылық деңгей:

• қолданбалы программалық құралдармен жұмыс жасау технологиясын меңгерту арқылы оның мүмкіндіктерін физиканың бағдарлы бағытына қолдануға дағдыландыру;

• олимпиадалық есептерді шешудің әдіс-тәсілдерін таңдай білу.