Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

«Есептеу әдістері» пәнінен электронды оқулық

Бласпаева Г.К.(Политехника колледжі)

Электрондық оқулық- деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады.

Электронды оқулықтар ғылыми негізде дайындалған педагогикалық-ақпараттық өнім. Электронды оқулық дайындаудың концептуальдық негізі — модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электронды оқулық дайындаудың педагогикалық принциптер жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Яғни, электронды оқулықтар оқыту үрдісінің автоматтандырылған формасы іспетті.

Колледжміздің “Білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын” жүзеге асырудағы атқарып жатқан жұмыстарының бірі “Электронды оқулықтар” шығару болып табылады. Ал оларды оқыту процесінде қолдану – сапалы білім берудің бірден-бір құралы болып табылады. Себебі тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. «Есептеу әдістері» пәнінен қазақша оқу әдістемелік құралдарының аздығы, оқушы үшін дидактикалық материалдардың жоқтығы, оқулықтың жетіспеуіне байланысты электронды оқу құралы құрастырылды.

Титулдық бетте- электронды оқулықтың мәліметтері орналасады: мекеменің аты және пәннің, тараулардың аттары көрсетілген.

“Есептеу әдістері” электронды оқулық материалдары HTML тілінде жазылған және Delphi ортасында бағдарламаға WebBrowser компоненті арқылы экранға шығады. Электронды оқулықта нұсқау және жалпы 5 бөлім берілген , әр бөлім өз тақырыптарынан құралған, керек тақырыпқа бару үшін сәйкес батырмаларды басу керек. Бағдарламада сонымен қатар білімді тексеру жүйесі қарастырылған.

Бөлімді таңдап, сәйкес тақырыпқа шерткенде, мониторға сәйкес тақырып туралы мағлұмат беретін форма шығады. Осы форма WebBrowser компоненті көмегімен .htm форматындағы файлдарды ашады. Осы кезден бастап программа басқарылуы меню арқылы жүзеге асырылады. Меню жолында командалар орналасқан. Командалардың операция нәтижелерін атап кетейін:

Мазмұны — ағымды тақырыптың бөлімдері. Менюде мазмұнды шерткенде тақырыптың тізімдері ашылады. Оларды таңдау үшін сәйкес меню қолданылады.

Әрбір бетте аудио батырмасы бар, сол батырма арқылы даусты алып тастауға және қосуға болады.

Электронды оқулықтың міндетті элементтері:

• Теориялық берілетін оқу материалдары;

• мысалдар;

• жаттығулар;

• сұрақтар және тапсырмалар;

• тест сұрақтары;