Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Электрондық оқулықтарды программалау тілдерінде қолдану

Құқық және бизнес колледжі, Оқытушы: Турдиева Назира Назарахунқызы

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

Жеке әдістемелік құралдармен оқыту барысында оқушының білім сапасын арттыру мен жаңа оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі мынадай артықшылықтармен сипатталады:

1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. Ол оқыту үрдісінде жаңа оқыту технологиясының үш нұсқасы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:

— «тереңдетілген» технология ретінде (компьютерлік оқытуды жекеленген тақырып немесе тарау бойынша қолдану);

— Негізгі технология ретінде (белгілі бір бөлімді оқытқанда қолданылатын технологиялық қоры);

— Монотехнологиялық ретінде (барлық оқыту, оқытуды басқару үрдісі, яғни диагностика, моноторинг компьютерді қолдануға негізделген).

2. Білімге бір-бірінен үлкен арақашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында (дистанционды формада) отырып қол жеткізуге болады. Бұдан концептуалды ұстанымдарды қалыптастыру мүмкіндігі төмендегі формада жүзеге асады:

— оқыту-бұл баланың компьютермен қарым-қатынасы;

— баланың компьютерлік оқытуға икемделе алуы;

— оқытудың диалог түрінде болуы;

— оқытушының кез келген уақытта оқу үрдісіне өзгерістер енгізе алуы;

— оқушы мен компьютердің өзара байланысы барлық түрде болуы: субъект-объект, субъект-субъект, объект-субъект;

— жеке және компьютермен байланыс кезіндегі психологиялық ахуалды демеу.

3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың тарамдалуы мен оқу материалының сапасын арттырады

Компьютер оқу материалын беру мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Түсті графиканы, мультимедианы, бейне техниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану студентке ерекше психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар компьютер оқу мотивін күшейтуге мүмкіндік береді. Әр түрлі зерттеулер химия, математика, тарих сабақтарында компьютерді пайдаланғанда оның оқыту қызметтерінің жан-жақтылығын көрсетеді.