Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Электрондық оқулықтарды пайдалану тиімділігі.

Нұғманова Меруерт Жанатовна (КМҚК «Радиотехника және байланыс колледжі» ШҚО ББ)

Түйіндеме
Бұл мақалада оқытушы электронды оқулықтың тиімділігі жөнінде әдіс – тәсілдерімен бөлісе алады. Оқу процесінде электронды оқулықтың тиімділігін арттыруда пайдаланылатын әдіс-тәсілдер әрбір білім алушыға өзінің интеллектуалды потенциалын жоғарғы деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді.
Резюме
В этой статье преподаватель колледжа делится своим опытом использования электронного учебника. Методы, связанные с повышением эффективности использования электронным учебном процессе, дают возможность каждому обучающемуся достигнуть максимального уровня своего интеллектуального потенциала.

S24 Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім – оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім – оқулық авторы, мұғалім – технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.

Қазіргі колледждердің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады.Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде.

Қазіргі кезді электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық.

Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.» Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.

Пожалуйста, зарегистрируйтесь для комментирования.