Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Электрондық кестелерді оқыту әдістемесі

Сыдыкова Б.К.(Бизнес- колледж)

Елімізде білім беруді ақпараттандыру мәселесі кеңінен қолға алынып, соған байланысты осы мақсатта әртүрлі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Адамды ақпарат әлемінде өмір сүруге үйрету — қазіргі оқу орындарының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Міне, сондықтан оқу орындарында «Информатика» пәнінің пайда болуы тек заман талабы ғана емес, ол нақты қажеттілік болып тұр. Сол себептерден бүгінгі күні оқу орындарын информатика пәнінің өткізілуіне ерекше көңіл бөлініп отыр және де басқа пән сабақтарында компьютерлік техниканы пайдаланып, кіріктірілген сабақтар сабақтар өткізу маңызды орын алуда. Информатика курсын оқыту барысында «электрондық кестелерді оқыту әдістемесі» қарастырылған.

Microsoft фирмасының Excel программасы – кестелік процессорларға немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады.

Зерттеудің мақсаты: пайдаланушының меңгеруіне жеңіл, программистің көмегінсіз есептің қойылысын түсініп, шығаруға болатын программалық құралдың түрі таңдалады; кестелік информация және оның өңделу тәсілдері туралы ұғым қалыптастыру; есептерді абстрактілі және нақты байланыстыру, қарапайым есептердің қойылысы мен шығарылуын модельдей білу қабілетін дамыту.

Қоғамды индустрияландыру кезеңiнде бiлiм беру жүйесi алдыңғы кезекте, маманданған сауатты орындаушыларды дайындауға бағытталса, ал бiлiм берудi информатикаландыру жағдайында бұл мәселе бiлiм берудiң негiзгi мақсатына ауысады. Мұндағы негiзгi мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи – ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы iзгiлiктi адамгершiлiкке дайындау.

Бұл мәселенiң негiзгi ядросы жалпы бiлiм беретiн оқу орындарында информатика курсынан басталады. «Информатиканы оқыту әдiстемесi» деп аталатын курс оқу орындарында информатика курсының жалпы ғылыми оқу- әдiстемелiк, дидактикалық, ұйымдастырушылық, педагогикалық, псигологиялық мәселелерiн жан-жақты қарастыратын курс болып табылады.

Тақырыпқа деген оқушылардың қызығушылығын туғызу үшін алдын ала дайындалып файлдан кестеге шақырылған есепті демонстрациялауға болады.

ЭК-ның ойша моделі. Электрондық кестенің түрі оның экрандағы түріне сәйкес келеді. Оқушы кестенің өзін ойша оперативті зердеге орналастырады, оның арнайы командалары да бар. Шын мәнінде кестенің бос торкөздері зердеден орын алмайды.

ЭК-мен жұмыс істеу деңгейлері. ЭК-ді меңгеру барысын бірнеше кезеңге бөлуге болады.