Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын жасаудың негізгі бағыттары

Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды енгізу. Өйткені бүгінгі таңдағы білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын орындау немесе оқулықтарды пайдалану заман талаптарын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде.

Жаңа технологияны меңгеруде тәрбиешінің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін — өзі дамытып, оқу — тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже беріп жүр.

Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр тәрбиеші алдында отырған бүлдіршіндердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат – мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Мектепалды даярлық сыныбында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының кейбір стратегияларын қолдануға әбден болады. Бір технологияларының өзі әр түрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі №6345 өкімімен бекітілген «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы» мектептегі білім беруді ақпараттандыру процесіне негіз қалады. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр.