Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Білім берудегі ақпараттандыру.

Идрисова А.К., информатика пәнінің оқытушысы, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы «Құрылыс колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

Білім беруді ақпараттандырудың мәні

Білімді беруді дамыту индустриясын компьютер және байланыс құралдарының көмегімен дамыту, ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде ақпараттық-білім беру қорын жасақтау.

Ақпараттық ресурстардың таусылмайтындығы әлем қызығушылығын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Ақпаратқа деген сұраныстың өсуі ақпарат беретін жаңа технологиялардың, электрондық құралдардың пайда болуына себепші болды. Білім беруді ақпараттандырудың теориялық негізі – информатика, кибернетика, дидактика. Информатика – ақпаратты табиғатта, қоғамда, техникада өндіру, өңдеу, сақтау және тарату әдіс-тәсілдерін зерттейтін ғылым саласы.

Ақпарат беретін технологиялар білім саласына еніп, дидактикалық процесті оқушы ақпаратты алып, меңгеріп, қолданатын процесс деп түсінуі керек.

Оқытуға ақпараттар тұрғысынан қарау педагогика алдына көптеген мәселелер қойып отыр. Ақпараттық технологияға негізделіп жасалған білім беру формасы – мәтінді блоктарға бөлу, тезаурус (сөздік), фрейм, (тірек сызба), ұғымдар кестесі, гипермәтіндер болады.

Адам шартты белгілермен жұмыс істей білу керек. Осыған байланысты жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті деген сұрақ туындайды. Ақпараттық мәдениет дегеніміз — ақпарат теориясы саласынан білімнің болуы және ақпараттармен жұмыс істей білу. ХХ ғасырдың екінші жартысында педагогикада «медиа-білім» бағыты қалыптасты. Ол оқушылардың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеп үйренуін зерттейді. Басты міндеттері: оқушыларды қоғамдағы ақпараттық өмірге әзірлеу, әртүрлі ақпараттарды қолдануға, ақпараттық технологиялар көмегімен қарым-қатынас жасауға үйрету.

Ақпарат беретін жаңа технологиялар үш бөліктен тұрады: техникалық құралдар, бағдарламалар, білім алуға керекті құралдар. Ендігі кезекте осы айтылғандардың барысына назар аударсақ. Техникалық құралдар: компьютер, принтер, модем, сканер, теле және бейне аппараттар, ақпаратты бір формадан екіншіге өзгертетін құралдар. Техниканың екіншісі – компьютердегі жұмысты басқаратын бағдарламалар. Үшінші – оқу құралдары. Бағдарламаның ерекше тобы оқытатын бағдарламалар, жүйелер. Оқытатын жүйенің кең таралғандары: іскерлік пен дағдыға жаттықтыру, білімді қалыптастыратындар, проблемалық оқыту, модельдеу, дидактикалық ойындар.