Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Білім алушылардың танымдық белсенділігін және ізденісін қалыптастыру

Галия Кайроллаевна Бласпаева КМҚК «Политехника колледжі»

Бүгінгі таңда оқытудың оқу орнынан тыс білім сияқты эмоционалдық күшке ие болуы аса маңызды. Білім беру үрдісінде оқытудың өзектілігі — өзіндік сана , өзіндік білім алу, өзара қарым-қатынас , өз өмірінің субьектісі сияқты сапаларды дамытумен ерекшеленеді. Ол үшін білім алушыға оқырмандық қызығушылығын арттыратын дұрыс мәселелерді; сонымен қатар оқу бағдарламасына енген материалды оқу барысында меңгерілетін және нәтижеге әкелетін мәселелерді оқуға беру біздің қолымыздағы нәрсе. Білімнің даму барысы білім алушыны жетекші рольге қойғандығы; ақпараттың, технологияның дамуы, оқытушы мен білім алушының рольдеріне өзгеріс енгізуі; педагогикалық тұжырымдамалардың оқу барысында білім алушыда еркіндіктің болуын уағыздауы үздіксіз білім алудың басты шарттары болып табылады.Білім берудің тұлғалық бағдарлы мазмұны білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер адамгершілік пен рухани құндылықтар негізінде тұлғалық, ұжымдық және рефлексиялық әрекеттердің үнемі дамып отыруын көздейді. Осы бағытта қандай технологияларды басшылыққа аламыз? Әрине, оқушының өздік жұмыстарын, іздену қабілеттерін жетілдіретін, қарым-қатынастық шарттар (субьектаралық, ұжымдық-диалогтық, тұлғалық-рефлексиялық) негізінде тұлғаның субьектілік қызметтерін кеңейту, орындаушылық ролін өз әрекетін ұйымдастырушы ролімен алмастыру , белгілі бір әрекеттерді өз бетімен орындауға жағдай туғызатын бірден-бір тиімді технологиялар ретінде жобалау, сын тұрғысынан ойлау, кейс (нақты жағдаяттармен оқыту әдісі) сияқты оқыту технологияларын ерекше атауға болады.

Қазіргі кезде білім беру процесі өзгерді. Ол бұрын пәнге бағытталған түрде жүргізілсе, енді жеке тұлғаға бағытталған түрде жүргізілетін болады. Бұл — қоғамдағы өзгерістерге байланысты туындаған объективті процесс. Бұрынғы оқыту технологиялары білім алушылардың жалпы оқуға деген ұмтылыстары мен біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған еді. Оның оқытылатын пәннің өзі оқыту мақсаты тәрізді болатын да, ал білім алушы –соған жету құралы болып саналатын. Осының нәтижесінде көптеген білім алушыларда оқуға деген оң көз қарас қалыптаспайды.

Информатиканы оқытудың негізгі мақсаты-білім алушыларды белсенді, әрі толықққанды өмірге және информациялық қоғам ортасындағы жұмысқа дайындау болып табылады. Бірақ мұндай қоғамда информация көлемінің өсуі (әр 2 жылда екі есе өседі) практикалық әрекеттермен шыңдалып отыруы тиіс, мұнда оқытудың тек мәлімет беретін түсіндіру-көрсету технологиясымен шектелуге болмайды. Қазіргі жаңа ақпараттық қоғам түрлі мәліметтермен жұмыс істеп, қойылған мақсатқа жету жолында алдыңғы қатарлы информациялық мәдениеті бар, яғни компьютерлік информациялық технологияларды, жаңа техникалық құралдар мен тәсілдерді пайдаланатын мамандарды керек етеді. Бұл кезенде кез-келген жеке тұлға өз қызыметінің нәтижелерінің ойдағыдай болуына көп көңіл бөлуі тиіс.