Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

AUTOPLAY бағдарламасының мүмкіндіктері

Информатика пәнінің оқытушысы Серікова Назерке Рымбекқызы
(Семей қаласы, КМҚК «Құрылыс колледжі» ШҚО ӘББ)

Түйіндеме
Бұл мақалада оқытушы AutoPlay Media Studio бағдарламасы арқылы электронды оқулық құру барысы мен әдіс-тәсілдерін сипаттап өтеді.
Резюме
В данной статье преподаватель описывает возможности и методы создания электронного учебника с помощью программы AutoPlay Media Studio.

AutoPlay Media Studio – бұл дискінің автоматты түрде жүктелуін жасайтын бағдарлама. Бұл AutoPlay Media Studio бағдарламасының жалпы мүмкіндіктерінің бірі болып табылады. Бұл бағдарлама арқылы электронды оқулық, портфолио, CD\DVD визиткаларын, презентациялар, қарапайым ойындар, электронды фотоальбом, жоғары сападағы бейнефайлдар, қарапайым дыбыстық және бейнелік ойнатқыштар жасауға болады. Осының барлығын арнайы бағдарламашының білімінсіз-ақ жасауға болады.Ал C++, Java, Visual Basic бағдарламаларының мүмкіндіктері арқылы жұмыс нәтижесі жоғарлай түседі.AutoPlay Media Studio бағдарламасының құрал – саймандар тақтасында объектілермен қарапайым және жеңіл жұмысы жасауға арналған элементтер орналасқан. Бұл бағдараланың құрал – саймандар тақтасында бейнелермен, бейнефильмдермен және дыбыстармен жұмыс жасауға араналған батырмаларда орналасқан.

AutoPlay Media Studio бағдарламасын компьютерге орнату үшін:
1. Компьютердің амалдық жүйесі Windows 2000, Windows XP, Windows Vista, Windows 7 және жағалау;
2. Процессоры Pentium 4 және одан да жаңа;
3. Оперативті жады көлемі кемінде 256 МБ;
4. Экран кеңейтілімі кемінде 1024×768;
5. Түс тереңдігі 16 бит және одан да жоғары;
6. Қатқыл дискідегі бос орын кемінде 100 МБ;
7. Тінтуір;
8. DirectX 7 және одан да жаңа нұсқасы;
9. Internet Explorer 4.0 және одан да жаңа нұсқасы;
10. Adobe Flash Player 8 және одан да жаңа нұсқасы;
11. Adobe Reader 8 және одан да жаңа нұсқасы болуы тиіс.

Бұл бағдарламалық жасақтамалардың жаңа нұсқаларының болуы жасалатын жоба сапасына да әсер етеді.
AutoPlay Media Studio бағдарламасының мүмкіндіктері орнату барысында плагиндарға да қатысы болады.

AutoPlay бағдарламасымен жұмыс

Бағдарламаны орнату әрекеті:

орнату (autoplay-media-studio-trial.exe) белгішесінде тінтуірдің сол жағын екі рет шерту.

Ашылған орнату терезесіндегі Next батырмасын баса отырып, бағдарламаны орнату.

Бағдарламаға орыс тілін орнату (Русификатор для AMS v.8.0.2.0.exe) белгішесінде тінтуірдің сол жағын екі рет шерту

Пожалуйста, зарегистрируйтесь для комментирования.