Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Ақпараттық технологияларды математика сабағында қолданудың қажеттілігі.

Жумабекова Самал Бурибаевна, математика, информатика және ЕТ пәні мұғалімі (Семей қаласы, «Сервис колледжі» КМҚК)

Түйін
Мақалада математика сабақтарында интерактивті тақтаны қолданудың тиімділігі туралы жазылған.

Резюме
В статье рассмотрены вопросы, связанные с использованием интерактивной доски на уроках математики.

Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу.

Атақты педагог-ғалым В.А.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық — бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер- ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады»-деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі” деген екен. Демек, қазір оқу үрдісі алдындағы басты міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары болуы шарт. Мұғалімнің ұстаздық тұлғасын өз дәрежесінде қалыптастыру үшін төмендегідей міндет артады.

-Біріншіден білім беру сапасын жүйелі арттыру тәсілдерін меңгерту.

-Екіншіден, үнемі өзгеріс үстіндегі күрделі өмірде белсенді әрекетке дайын оқушы дайындаудың сапасын арттыру мен оның мәдениет деңгейін көтеру.

Сабақ мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі мұғалімнің біліміне, ұйымдастыру қабілетіне, шеберлігіне байланысты. Оқушылардың білімін байыту олардың пәнге деген сүйіспеншілігін тудыру, дұрыс ұйымдастырылған жұмыстарға тікелей байланысты екені белгілі.

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да оқу процесінің негізгі мақсаты – арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін білім деңгейін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады. Білімге деген ынтасын, қызығушылығын, тұрақтылығын қалыптастыру жолдарын әр түрлі тапсырмаларды орындату арқылы бағалап отыру қажет.

Оқушылардың өз бетінше ойлай білу есеп шығару мен оның сан қилы жолын іздестіру, олардың шығармашылық қабілетінің дамуының бір әдісі.