Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Алгоритмдеу және бағдарламалау пәнінен «Мәліметтер базасын құру принциптері» тақырыбына ашық сабақ

Касимжанов Айдын Кездикбаевич (КМҚК «Радиотехника және байланыс колледжі» ШҚО ББ)

Түйіндеме
Бұл мақалада оқытушы Делфи визуалды бағдарламалау ортасында, мәліметтер базасын құру процесінің әдіс-тәсілдерін ашық сабақ түрінде көрсетеді.
Резюме
В данной статье преподаватель делится своим опытом, где показывается методы создания базы данных в среде разработки Делфи в виде открытого урока.

Бұл сабақ аралас сабақ болғандықтан, келесі жоспар бойынша жүзеге асады: ең алдымен еске түсіру кезеңінде оқушылар 10 тест сұрақтарына жауап береді. Жауап берген оқушыға қосымша баллдар қосылып отырады. Дұрыс жауапты оқушы нақтылап басқа оқушыларға дәлелдеу керек. Келесі сабақ сұрау кезеңінде оқушылар топтарға бөлініп, алдын ала дайындалған тақырыптар бойынша, берілген шарттарды орындай отырып, мәліметтер базасының құрылымын құрып, әр топтан бір оқушы шығып, оны түсіндіріп көрсету керек. Ал оқытушы болса. Әрі қарай оқытушы кеткен қателіктер болса, оны түсіндіріп түзету керек. Келесі кезеңде оқытушы интерактивті тақтаны қолданып, Делфи ортасында мәліметтер базасын құру процесінің әдіс-тәсілдерін көрсету керек. Ең соңында оқушылар алған білімдерін, құрылған мәліметтер базасының құрылымдарын, Дельфи ортасында құрып, оны сақтау арқылы бекіту керек.

АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән: «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері»
Мамандық: Компьютер құрылғысына қызмет көрсету технигі
Топ: 2 курс, 233 ТКУ
Сабақтың тақырыбы: Мәліметтер қорын құру принциптері. Кесте параметрлерін орнату
Сабақтың жалғасуы: 90 мин.
Сабақтың типі: аралас
Пәнаралық байланыс: информатика, ағылшын тілі
Көрнекіліктер: Кезеңдер, жұмыс дәптері, суреттер, тест тапсырмалар, үлестірме карточкалар.
Сабақтың материалдық – техникалық қамтылуы: мультимедиалық тақта, жұмыс дәптерлер
Қосымша:
Жұмыс дәптері (қосымша 1)
Презентация (қосымша 2)
Таратпа материал (қосымша 3)
Сабақтың мақсаты: Дельфи бағдарламалау ортасында оқушыларға мәліметтер кестесін құруды үйрету
Сабақтың міндеті: Мәліметтер қорын қору процедурасын меңгеру, әдістерін үйрену
Білімділік: Мәліметтер қорын қору процедурасын меңгеру, әдістерін үйрену.
Дамытушылық: Оқушыларды осы тақырыпты пайдалана отырып логикалық ойлау және есептеу қабілеттерін арттыру, танымдық белсенділіктерін арттыру, іздендіру.
Тәрбиелік: Жұмыс уақытының әр минутын ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
А) Оқушыларды сабаққа дайындау, түгендеу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту

Пожалуйста, зарегистрируйтесь для комментирования.