Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Акпараттық – коммуникативті технологияны оқу процесінде қолдануда оқушылардыңтаным белсенділігін арттыру.

А.Б.Сентаева, Г.А.Мавлитаева, Н.С.Найманкулова (М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж, Семей қаласы)

Ақпаратты тарату және ақпараттық технологиялардың дамуы қоғам тіршілігінің барлық саласына революциялық ықпалын тигізіп, адамдардың өмірін, мәдениеті мінез-құлығын стереотипін, ойлау бейнесін түбегейлі  өзгертетін ақпараттандыру үдерістердің бар екендігі жайында айтуға мүмкіндік береді.

Білімді ақпараттандыру екі түрлі стратегиялық мақсатқа жетуді көздейтінін түсіну маңызды. Біріншісі — ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар негізінде  оқу әрекетінің түрлерінің тиімділігін арттыру. Екіншісі – ақпараттық қоғам талаптарына сәйкес жаңаша ойлайтын мамандар типін дайындаудың сапасын арттыру.

Білімді ақпараттандыру арнайы компьютерлік аппараттық және программалық құралдарсыз практикада қолданылмайды, мұндай құрадарды білімді ақпараттандыру құралдары деп атайды.

Білім жүйесін ақпараттандыру үрдісін дамыту – отандық оқытуға бағытталған бағдарламалық құралдар дайындалмайынша мүмкін емес. Олардың ауқымы кең болып табылады. Бұлар бақылау және тестілеу бағдаоламалары, компьютерлік ойындар , ақпараттық анықтама жүйелері, оқыту орталары, электрондық оқулықтар және мультимедиялық бағдарламалар. Педагогика және техника ғылымдарының  қол жеткен табыстары негізінде оқытуға арналған бағдарламалық құралдардың әр түрлерін жасау және дайындау ҚР Білім және ғылым министрлігінің республикалық білімді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығының негізгі қызметі болып табылады.

Электрондық оқулықтар жасаудың педагогикалық технологиясының құрылымы оқыту үрдісінің заңдылықтарына негізделіп, бір-бірімен байланыста 4 компоненттен тұрады: мотивациялық – мақсатты, мазмұндық, операциялық және бағалы-нәтижелік.

Оқушылар үшін электрондық оқулық – ол өзінің мектеп қабырғасында жүрген жылдарында өздігінен білімін толықтырып отыруға және мақсатты түрде бітіру емтихандарына дайындалуына мүмкіндік беретін ақпарат көзі.

Мұғалім үшін ол– өзінің педагогикалық тәжірибесі арқылы толықтырып және дамытып отыруға болатын ашық әдістемелік жүйе. Неғұрлым ұсыныстар мен толықтырулар көр болса, соғұрлым РБАО-ның электрондық оқулықты қажетті білімдермен қамтамасыз етудегі жұмысы сапалы болады.

Электрондық оқулықтың құрамы:

  • аннотация;
  • пән туралы қысқаша ақпарат;
  • жұмыс бағдарламалары;
  • электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар;
  • ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;
  • теориялық материалдар (лекция конспектiлерi);
  • теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;

Пожалуйста, зарегистрируйтесь для комментирования.