Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Ақпараттық коммуникациялық технологияларды «Аң терісі және тондық қой терісі бұйымдарын өңдеу технологиясы» мамандығында қолданудтың тиімділігі

Шапиева Арай Советовна (Семей қаласы, Қазақстан Тұтынушылар Одағы «Аң терісі-мех колледжі»)

Түйін
Қазіргі кезде ақпарат және оны білім беру саласына енгізу жалпы қоғамның дамуын анықтайтың шешуші фактор екені талас тудырмайды. Осы тұрғыдан қарасақ, республикамыздың білім жүйесін қайта құрудың негізгі бағыттарын қамтитын мәселе оны ақпараттандыру болып табылады.

Қазіргі уақытта ”қоғамды ақпараттандыру”, “білім беруді ақпараттандыру” деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не? Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз – ғылыми техникалық прогересс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс — әрекеттің интелектуалды түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен рөлінің жоғарлауына байланысты объективті процесс. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, бұл жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр.

Колледжде информатиканы оқытудың білім беру мақсаты — әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары. Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл – ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді.

Сонымен, информатиканы оқытудың білім беру – дамытушылық мақсаты – оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл-ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.

Колледждегі информатика пәнінің практикалық мақсаты – оқушылардың еңбекке және шығармашылық жағынан дайындығына үлес қосу, олардың колледж бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.

Пожалуйста, зарегистрируйтесь для комментирования.