Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктері

А.Б.Сентаева, Информатика пәнінің оқытушылары КМҚК М.О.Әуезов атындаәы педагогикалық колледжі, Семей қаласы

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаћандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық — коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері — жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланып, оқыту құралдарында жаңа иллюстрация түрлерінің пайда болуы, қағаз тасымалдауыштарда бастырылып шығарылған, дәстүрлі оқулықтарда қолданылған алдынғы тәсілдерден мүлдем бас тартуды білдірмейді. Дәстүрлі оқу кітаптарын иллюстрациялау және полиграфиялық безеңдендіру аймақтарында едәуір тәжірибе жинақталған. Осыған байланысты иллюстрацияның өзі, басылымның элементтерін кеңістікте топтастыру ерекшеліктері, жеке элементтердің басым көрсетілуі (көзбен қарағанда), қабылдаудың физиологиялық жақтары (баспаның айқындығы, қаріп ерекшеліктері т.б.) ерекшеленеді.

Қазіргі уақытта арнайы бағыттағы ақпараттық коммуникативті технолгияның құралдарын құру үрдісінде көптеген білім беру бағыттары мен оқу пәндері бойынша мультимедиалық энциклопедиялар жасалған. Оқытудың жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқу үрдісін ұйымдастыру мүмкіндігін беретін ойындық ситуациялық тренажерлар және мультимедиалық оқыту жүйелері құрастырылған.

Оқу жүйесіндегі ақпараттық технологиялар (АТ) — компьютерлік техника мен программалық құралдардың көмегімен оқушыға ақпаратты дайындауды және беруді жүзеге асыратын процесс. Оқу жүйесіндегі ақпараттық технологияларда ақпаратты беріп үйренуде екі нәрсені бөліп айтуға болады: техникалық құралдар, оған компьютерлік техника, байланыс жолы, және әртүрлі жүктеме бойынша берілетін программалық құралдар (ПҚ). Оқытушы компьютердің көмегімен берілетін сабақты өңдеуде оның функционалдық мүмкіндіктерін және жоғарыда аталған компоненттердің әрқайсысын қолдану шартын білуі тиіс. Техникалық құралдардың да программалық құралдардың да өз ерекшеліктері бар және оқу барысына айтарлықтай әсерін тигізеді.