Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Қоғамдық пәндерді оқытуды IТ технологияларды пайдалану

Қоғамдық пәндер оқытушысы Сулейменова Жанат Мендыгалиевна
(Семей қаласы, «Радиотехника және байланыс колледжінде» КМҚК)

Заман талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы түрлерін жедел игеріп, кәсіби шеберлікті ұштап отыру ұстаздың басты парызы. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында: қазіргі білім берудегі басты мәселе-білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді де жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау екені атап айтады[1]. Болашақтың бүгіннен де нұрлы, шуақты болуына тікелей ықпал етіп, адамзатты алға апаратын күш білімінде ғана, деген ұранымен оқу үрдісін ұйымдастыру қажет. Мақаланың тақырыбын таңдағанда алдымен қазіргі заманның оқу барысында өзектілігін және талаптарын ескерте отырып тарих сабағының сапасын жаңа дәреже жоғарлату мақсаты қойылды. Нарықтық экономика шарттарында дамып жатқан біздің қазіргі білімі, алдымен оқушыларға деген мұғалімнің педагогикалық әсері: қазіргі заманыңдағы өмір шарттарына бейімделген; бәсекелестікке қабілеттілігі; шығармашылықпен ойлайтын тұлғаны қалыптастыру бағыттау қажет. Студенттердің тарих сабағында шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жаңа технологияларды ұтымды пайдалану қажет. Технология сөзі – гректің өнер, шеберлік, біліктілік, оқу сөздерінен шығып, көптеген ұғымдарды білдіреді. Қазір жаңа педагогикалық технологиялар туралы жарияланған еңбектер көп. «Педагогикалық технология» ұғымының қазір 300-ден астам балама анықтамалары бар. «Педагогикалық технология дегеніміз- оқыту үрдісін жүзеге асыратын мазмұнды техника» (В.П.Беспалько) [2]. «Педагогикалық технология дегеніміз- педагогикалық мақсаттарға жету үшін қолданатын тұлғалық, аспаптық, әдіснамалық құралдардың жүйеленген жиынтығы және олардың ретімен қызмет етуі» (М.В.Кларин) [3]. «Педагогикалық технология-белгілі бір маңызды әрекетке, өнерде, шеберлікті мақсатқа жету қолданылатын әдіс» (В.Даль) [3]. Оқыту технологияларының құрылымдық элементтеріне мыналар жатады: мақсат, мазмұн, әдістер, формалар, құралдар, оқушы, оқытушысы, нәтиже.Оқыту технологияларына тән белгілер:

• негізділігі (кез келген технологияның өзіндік философиясы, өзіндік тұжыдымдамасы болуы шарт);
• жүйелілігі (құрылымдық элементтердің бір тұтастығы);
• басқарылмалығы (оқыту үрдісін жоспарлап, нәтижесін бастан-аяқ тексеруге болатындығы);
• тиімділігі (қысқы мерзімде аз шығынмен жоғары нәтижеге жеткізу тиімділігі).

«Оқыту технологиясы» ұғымын нақтылау және оларды іріктеп ала білудің өзектілігі бүкіл оқыту үрдісінің түпкілікті нәтижесінің технологияның дұрыс таңдалып алынуына тәуелдігімен түсіндіріледі. Педагогикалық технология тарих сабағы бойынша оқу үрдісімен мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына мыналар кіреді:

Пожалуйста, зарегистрируйтесь для комментирования.