Областное методическое объединение: программного обеспечения и информационных систем

Қоғамдық пәндерді оқытуда жаңа педагогикалық ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану тиімділігі.

Семей көлік колледжі, Тортбаева Р.Б.- қоғамдық пәндер оқытушысы

Адамзат ХХІ-ғасыр есігін — әлемдік жаһандану дәуірінде, ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың өте жоғарғы деңгейде қарқын алып дамудың жағдайында – ашты.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өткен жылғы – «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»- атты халыққа жолдаған жолдауында оқыту үрдісінде ақпараттық – коммуникативтік технологияларды – білім беру сапасын жақсартуда қолданыс аясын кеңейтуге баса назар аударды. Бұл білім саласына көптеген жаңалықтар тасқынын әкелуде. Сонымен қатар әлемдік ақпараттық даму жүйесіне еркін енуге жол ашуда.

Ақпараттық – коммуникативті технологияларды білім беру саласында үйлесімді пайдалану оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне негізделініп, өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, талғап білуіне үйретеді.

Колледж қабырғасында қоғамдық пәндер сабағында ақпараттық – коммуникативті технологияны жүйелі қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қана қоймайды, оның логикалық ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Оқушы ешкімнің көмегінсіз өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады.

Колледжіміздің қоғамдық пәндер кабинеті мультимедиялық жабдықтармен қамтылған. Қоғамдық пәндердің барлығына арналған мультимедиалық презентациялар (сызбалар; кестелер; графиктер; бейнефильмдер) оқу материалының толық баяндалуына үлкен үлес қосады:

— өзіндік білімді тексеру жүйесі;

— өзіндік бақылау жүйесі;

— мәтіндік үзінділермен жұмыс істеу жүйесі;

— әдістемелік нұсқаулар;

— терминдік сөздер;

— қысқаша конспектілер.

Экономика негіздері пәнінде өтілетін тәжірибелік сабақтарда уақытты үнемдеу үшін сызба схемаларды, графиктерді экранға проекциялауға болады. Колледждің кітапханасында интернет жүйесіндегі ақпараттық – коммуникативтік мәліметтерді сабақ тақырыбына байланысты қажеттісін таңдап қолдануға болады. Интернет жүйесіне қосылғандықтан қоғамдық пәндерді оқытуда қосымша бай – материал көздерін ізденіп қолданамын. Сонымен қатар оқушы да интернеттен материал ғана іздеп қоймайды, әлемдік байланыс торабына кіруді де үйренеді.

Компьютерді пайдалануда мынадай дидактикалық мүмкіндіктерді көруге болады:

— Оқушылардың өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне, әсіресе құбылыстарды зерттеуге, басқаруға мүмкіндік береді;